Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар аула клубы» КММ
Ресми сайт

Шағын футболдан жарыс

2026 жылғы 23-24 маусымда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар аула клубы» КММ-де шағын футболдан жарыс өтті.

Іс-шара жазғы каникул кезеңінде балалардың белсенді әрі мазмұнды демалысы үшін жағдай жасау, спорттық іс-шараларға қатысу уәждемесін арттыру және өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-мен бірлесіп ұйымдастырылды.

Футбол және футзалдан Қостанай облысының аға жаттықтырушысы Дмитрий Александрович Лакамовтың жетекшілігімен өткен турнирге қаланың балалар аула клубтарының 100-ден астам тәрбиеленушісін біріктірген 15 команда қатысты.

Бірінші күні іріктеу матчтары өтіп, оның қорытындысы бойынша финалистер анықталды. Ойындар жоғары спорттық дайындық деңгейінде, тартысты әрі жарқын сәттерге толы болды.

Сондай-ақ, «Есірткіге жол жоқ!» акциясы аясында қатысушылар алдында ІІД (Ішкі істер департаменті) қызметкерлері сөз сөйледі. Олар салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы профилактикалық әңгіме жүргізіп, балаларды зиянды әдеттерден аулақ болып, спортты таңдауға шақырды.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері естелік грамоталармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.