Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар аула клубы» КММ
Ресми сайт

Қостанай облысы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар аула клубы» КММ.

Тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына ықпал ету, балалардың денсаулығын нығайту, олардың күшін, ептілігін, мергендігін, логикалық ойлауын, шыдамдылығын дамыту, ұжымшылдықты қалыптастыру мақсатында «Балалар аула клубы» КММ-де жыл сайынғы «Болашақ Сарбаз» әскери-спорттық ойыны өтті. Оған 70 тәрбиеленуші мен 35 педагог қатысты.

Ойын Қостанай қаласына жақын орналасқан орман алқабында өтті және 9 бөлек кезеңнен тұрды:

🔸«Мина-жарылыс бөгетін залалсыздандыру»💣

🔸«Күш жаттығулары» 💪🏻

🔸«Азимут бойынша қозғалу»🚶🏻‍➡️🧭

🔸«Бұрау-жгут салу, жаралыны эвакуациялау» 🤕🏥

🔸«Оқ-дәрілерді жеткізу» 🦯

🔸«Садақ ату» 🏹

🔸«Гранатаны дәлдікке лақтыру» 🥏

🔸«Арқан тартыс»🪢

🔸Әскери-спорттық эстафета 🏅🏹🏏⛳️.

Ойын қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

🥇 1 орын — «Достық, Жеңіскер» БАҚ командасы

🥈 2 орын — «Радуга, Жұлдыз» БАҚ командасы

🥉 3 орын — «Прометей, Еркеім-ай» БАҚ командасы.

Ойынның жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен және кубоктармен марапатталды.