Когнитивті және эмоционалдық салаларды дамыту мақсатында арнайы тренинг өткізілді. Іс-шараға балалар аула клубының 15 тәрбиеленушісі қатысты. Тренинг аясында қатысушылар саналы ойлауды дамыту, зейін қоюды жақсарту және эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру бағытында жұмыс істеді.
Балалар тәжірибелік жаттығуларды белсенді орындап, тапсырмаларға қызығушылықпен кірісті. Олар ізденімпаздық танытып, өз ойлары мен эмоцияларымен бөлісті. Шара өте жанды, достық және жағымды эмоцияларға толы атмосферада өтті. Қатысушылар өз эмоцияларын түсінуге, стрессті басқаруға және үйлесімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған техникаларды меңгерді.



