Тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына ықпал ету, балалардың денсаулығын нығайту, олардың күшін, ептілігін, мергендігін, логикалық ойлауын, шыдамдылығын дамыту, ұжымшылдықты қалыптастыру мақсатында «Балалар аула клубы» КММ-де жыл сайынғы «Болашақ Сарбаз» әскери-спорттық ойыны өтті. Оған 70 тәрбиеленуші мен 35 педагог қатысты.
Ойын Қостанай қаласына жақын орналасқан орман алқабында өтті және 9 бөлек кезеңнен тұрды:
🔸«Мина-жарылыс бөгетін залалсыздандыру»💣
🔸«Күш жаттығулары» 💪🏻
🔸«Азимут бойынша қозғалу»🚶🏻➡️🧭
🔸«Бұрау-жгут салу, жаралыны эвакуациялау» 🤕🏥
🔸«Оқ-дәрілерді жеткізу» 🦯
🔸«Садақ ату» 🏹
🔸«Гранатаны дәлдікке лақтыру» 🥏
🔸«Арқан тартыс»🪢
🔸Әскери-спорттық эстафета 🏅🏹🏏⛳️.
Ойын қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
🥇 1 орын — «Достық, Жеңіскер» БАҚ командасы
🥈 2 орын — «Радуга, Жұлдыз» БАҚ командасы
🥉 3 орын — «Прометей, Еркеім-ай» БАҚ командасы.
Ойынның жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен және кубоктармен марапатталды.