Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар аула клубы» КММ
Ресми сайт

Туристік-өлкетану

Туристік-өлкетану қызметі тәрбиеленушілерді оқытудың, тәрбиелеудің және сауықтырудың, олардың бос уақытын ұтымды пайдаланудың маңызды нысандарының бірі болып табылады. Туризм және өлкетану, белсенді демалу және қосымша білім беру нысаны ретінде әр балаға пайдалы, әр дамып келе жатқан тұлға қажет. Туристік-өлкетану бірлестіктерінің қызметі тек сабақтармен және іздестіру жұмыстарымен шектелмейді. Оқушылар түрлі туристік-өлкетану іс-шараларына белсенді қатыса отырып, конкурстар мен жарыстардың қызықты әлеміне қатысады.