Іс-шара жас қатысушылардың талантын, шығармашылық қабілеттері мен шеберлігін
танытатын жарқын алаңға айналды.
Көрмеде сәндік-қолданбалы өнердің түрлі бағыттарында орындалған жұмыстар
ұсынылды: суреттер, аппликациялар, қағаздан, табиғи материалдардан,
моншақтан, киізден және басқа да материалдардан жасалған бұйымдар. Әрбір
жұмыс өзіндік ерекшелігімен, ұқыпты орындалуымен және шығармашылық
көзқарасымен дараланды.
Көрме қонақтары тәрбиеленушілер мен қосымша білім беру педагогтерінің
тынымсыз еңбегінің нәтижелерімен танысып, балалар аула клубтарында
жүзеге асырылатын шығармашылық бағыттардың сан алуандығына куә болды.
Әсіресе туған жерге деген сүйіспеншілікті, отбасылық құндылықтарды,
достық пен бақытты балалық шақты бейнелейтін жұмыстар көпшіліктің
қызығушылығын тудырды.
Осындай көрмелерді өткізу балалардың көркемдік-эстетикалық талғамын
дамытуға, шығармашылық әлеуетін ашуға, өнермен айналысуға деген
қызығушылығын арттыруға және әр тәрбиеленушінің өзін-өзі жүзеге асыруына
қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.
Көрме барлық қатысушылар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй, шабыт және
алдағы шығармашылық жетістіктерге жаңа идеялар сыйлады.