Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар аула клубы» КММ
Ресми сайт

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар аула клубы» КММ лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар аула клубы» КММ лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

  1. қосымша білім беру ұйымы директорының орынбасары – 1 ставка;
  2. делопроизводитель – 0,5;
  3. қосымша білім беру педагогы

(сәндік-қолданбалы, көркем-эстетикалық бағыттар) — 26 сағат;

  1. қосымша білім беру педагогы (хореография) -20 сағат;

Лауазымдық жалақы педагогикалық өтілінің мөлшеріне, санатының болуына байланысты — айына 160000 теңгеден 180000 теңгеге дейін (1 ставка).

Мекен – жайы: Қостанай қ., Гашек к-сі, 12/1

Электронды адрес: dvorny@kst-goo.kz

Телефоны: 26-76-75, +77774128383.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2026.06.08 бастап – 14.08.2026 дейін.

Құжаттарды тапсыру уақыты: 09:00 – 18:30.

Әңгімелесу өткізу мерзімі: 2026 ж.19.08.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарды электрондық түрде электрондық мекен – жайға жібереді немесе оларды хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде баспа түрінде ұсынады.

Қажетті құжаттар тізімі:

1) осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша 3-қосымшаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4)Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу (тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS — айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.